5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

КЕЛЕСТЕ АСЫЛТҰҚЫМДЫ ҚАЛМАҚ СИЫРЫ АРҚЫЛЫ ЕТ ЭКСПОРТЫ ДАМУДА

Түркістан облысы – еліміздегі ірі мал шаруашылығы ошақтарының бірі. Соның ішінде Келес ауданы ірі қара мал өсіруде аймақ бойынша алдыңғы қатарда тұр. Ауданның Бозай ауылдық округінде орналасқан «Әбдімәлік» шаруа қожалығы бүгінде асылтұқымды қалмақ сиырын өсіру бағытында облыс көлемінде жетекші орын алады.

Қазіргі таңда қожалықта 5300-ден астам қалмақ сиыры бағылады. Оның 3800-і – аналық, 1500-і – аталық мал. Қалмақ тұқымы – өзінің төзімділігімен, өнімділігімен және экологиялық ерекшеліктерге бейімділігімен ерекшеленеді. Бұл тұқым шөл және шөлейт аймақтарда жақсы өсіп-жетіледі. Ең басты артықшылығы – төлдеу мерзімі небәрі 5 ай, ал ересек малдың тірі салмағы 1,5 тоннаға дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл тұқым жергілікті сиырмен салыстырғанда су мен жемшөпті үш есе аз тұтынады.

«Әбдімәлік» қожалығы асылтұқымды қалмақ сиырларын жерсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде атқарып келеді. Қожалық аумағында заманауи мал бордақылау алаңы, мал сою пункті және етті өңдеп, шетелге экспорттауға арналған арнайы кешендер салынған. Бұл кешендер арқылы өндірілген жоғары сапалы ет бүгінгі таңда елімізден тыс жерлерге де шығарыла бастады.

Мұндағы жұмыс тек ірі қарамен шектелмейді. Қожалықта 3000-ға жуық қой мен 300-ге тарта жылқы да өсірілуде. Осылайша «Әбдімәлік» қожалығы ауыл шаруашылығының үш негізгі бағытын – ірі қара, қой және жылқы шаруашылығын қатар дамыту арқылы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуетіне сүбелі үлес қосып отыр.

Аталған қожалықтың тәжірибесі мал шаруашылығын әртараптандыру мен ғылыми негізде дамытудың нақты үлгісі деуге болады. Алдағы уақытта осындай жобалардың көбеюі – ауылдық жерлердегі экономиканың өркендеуіне және агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына жол ашары сөзсіз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *