5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

ҚОҒАМДАҒЫ ТЕРІС ЯҒНИ ЖАҒЫМСЫЗ ЯҚЫН ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазіргі уақытта қоғамда кеңінен таралып жатқан жалған ақпарат тарату, халықтың бұқаралық санасына манипуляция жасау, қаржылық пирамидалар, интернет-алаяқтық, лудомания (құмар ойындарға тәуелділік) және суицидтік көңіл-күй секілді күрделі әлеуметтік мәселелерге қарсы кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Бұл бағыттағы жұмыстардың басты мақсаты – азаматтардың ақпараттық және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алаяқтықтың алдын алу және тұрғындардың санасын теріс әсерлерден қорғау.

Атқарылып жатқан негізгі шаралар мыналар:

  • Жалған ақпараттың таралуына қарсы күрес: әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралатын жалған мәліметтерді анықтау, тексерілген дереккөздермен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде;

  • Қаржылық пирамидалар мен интернет-алаяқтықтың алдын алу: тұрғындарға алаяқтық схемалардың белгілері түсіндіріліп, күдікті инвестициялық жобалардан аулақ болуға шақыратын брошюралар, бейнероликтер мен ақпараттық жадынамалар таратылып жатыр;

  • Лудоманияға қарсы іс-қимыл: жасөспірімдер мен жастар арасында құмар ойындардың зияны жөнінде түсіндіру сабақтары, кездесулер мен тренингтер ұйымдастырылуда. Мектептер мен колледждерде арнайы тақырыптық әңгімелесу сағаттары өткізілуде;

  • Суицидтік көңіл-күйдің алдын алу: психолог мамандармен бірлесіп, жастар мен қоғамның осал топтары арасында психологиялық қолдау көрсететін іс-шаралар жүргізіліп, «сенім телефондары» мен көмек көрсету орталықтарының байланыс нөмірлері кеңінен насихатталуда;

  • Ақпараттық-насихат топтарының жұмысы: жергілікті әкімдіктер, ішкі істер және білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, түсіндіру жұмыстары аудандық деңгейде де жүйелі ұйымдастырылуда.

Құрметті тұрғындар!
Сананы улайтын жалған ақпаратқа бой алдырмау, күмәнді инвестициялық жобаларға сенбеу, құмар ойындарға әуестенбеу және қоғамда белең алып отырған жағымсыз құбылыстардың алдын алуда әр азаматтың жеке жауапкершілігі маңызды.
Егер сіз немесе жақындарыңыз осындай жағдайларға тап болсаңыздар, дер кезінде құзырлы органдарға немесе сенімді мекемелерге хабарласуларыңызды сұраймыз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *