5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

ШАРДАРА: ЭКО-БІЛІМ – САПАЛЫ ҰРПАҚ

Экологиялық мәдениет – саналы ұрпақтың таңдауына айналуы тиіс

Шардара ауданы N16 колледжінің “Ашық жүрек” еріктілер клубының жетекшісі Ғ. Бекманның бастамасымен “Экостильдегі өмір” атты экологиялық сағат өткізілді. Іс-шараға колледж студенттері мен еріктілер белсене қатысып, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығы жөнінде тың ақпараттарға қанықты.

Іс-шараның негізгі мақсаты:
Экологиялық сананы дамыту, табиғатқа ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру;

Қатысушыларға экологиялық өмір салтын ұстанудың қарапайым әрі тиімді жолдарын көрсету;

Экостильді күнделікті өмірге енгізуге ынталандыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру.

Экосағат барысында қатысушыларға тұрмыста қалдықтарды дұрыс сұрыптау, суды үнемді пайдалану, пластиктің зияны және қайта өңдеудің пайдасы жөнінде нақты мысалдар мен бейнематериалдар ұсынылды. Сонымен қатар, экостиль ұғымының мәні ашылып, оның заманауи қоғамдағы орны жан-жақты талқыланды.

Шара соңында студенттер “Жасыл болашақ үшін!” атты шағын акция өткізіп, экобелсенді болудың маңыздылығы жөнінде өз ойларымен бөлісті.

“Ашық жүрек” клубы осындай тәрбиелік бағыттағы бастамалар арқылы жастарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, салауатты әрі саналы өмір салтын ұстануға бағыттайды.

Табиғатты аялау – болашаққа салынған сенімді жол.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *