5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

ШАРДАРА: “ЖАН КҮЙЗЕЛІСІ ЖӘНЕ ОДАН АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ” АТТЫ СЕМИНАР-САБАҚ ӨТТІ

2025 жылдың сәуір айында Шардара ауданы N16 колледжінде жастар арасында психологиялық сауаттылықты арттыру және жан күйзелісінің (стресстің) алдын алу мақсатында “Жан күйзелісі және одан арылу жолдары” тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырылды. Шараны колледждің психологы Д. Касимова мен әлеуметтік педагог А. Сейдәлі өткізді.

Семинар аясында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — суицидтің себептері мен алдын алу жолдары туралы кеңінен сөз қозғалды. Мамандар психологиялық қысымға түскен жастардың мінез-құлқындағы өзгерістер мен олардың себептерін түсіндіріп, қиындықтармен күресудің тиімді тәсілдерін ұсынды.

Сабақта адамның мінез-құлқын басқаруда ми қыртысының рөліне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда:

  1. Инстинктивті мінез-құлық – бұл ата-бабадан берілген, ми қыртысының төменгі аймақтарында сақталып қалған, тіршілікті қамтамасыз ететін алғашқы реакциялар (жылау, ему, қорғану және т.б.);

  2. Жеке мінез-құлық – адамның өсуі мен дамуы барысында қалыптасатын тұлғалық сипаттар;

  3. Ұжымдық мінез-құлық – сөз арқылы пікір алмасу, еңбек ету барысында дамитын дағдылар мен әдеттер.

Бұл мінез-құлық түрлері адамның психикалық күйі мен өмірлік әрекетіне тікелей әсер ететіні атап өтілді. Семинар барысында студенттерге күйзелістен арылуға көмектесетін практикалық жаттығулар ұсынылып, өз-өзіне сенімділікті арттыру жолдары түсіндірілді.

Іс-шара жастар арасында жан саулығын сақтау, өзін-өзі бағалау, өмірге деген құндылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылып, қатысушылардан оң пікірлерге ие болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *