5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

ШАРДАРА: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АҒАРТУ САБАҒЫ ӨТТІ

2025 жылдың 23 сәуірінде Шардара ауданы N16 колледжінде жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу, балалардың қадағалаусыз қалуын болдырмау және отбасындағы қатыгездік мәселелерін көтеру мақсатында ағарту сабағы өткізілді. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Дүйсебаева, колледж психологы Д. Касимова және әлеуметтік педагог А. Сейдәлі бірлесіп ұйымдастырды.

Ағарту сабағының негізгі мақсаты – жас ұрпақты отбасындағы тәрбиенің маңыздылығына көз жеткізе отырып, адамгершілікке, жауапкершілікке және ізгілікке баулу болды. Шара барысында “Балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу”, “Отбасындағы қатыгездік” сынды өзекті тақырыптар кеңінен талқыланды.

Ұлттық тәрбиенің алтын қазығы – отбасындағы ата-ана тәрбиесіне ерекше назар аударылды. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген халық даналығына сүйене отырып, ата-ананың бала өміріндегі орны, олардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасы баланың болашағына қалай әсер ететіні жөнінде кең түсініктеме берілді.

Сабақта жастарға әкенің – отбасының тірегі, ананың – отбасының шуағы екені, олардың әрқайсысының бала тәрбиесіндегі рөлі зор екені айтылды. Сонымен қатар, буллингтің себептері, салдары және оның алдын алу жолдары туралы нақты мысалдар мен психологиялық кеңестер берілді.

Бұл шара колледж жастарының құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыруға, сонымен қатар отбасы құндылықтарын бағалай білуге бағытталған маңызды кездесу болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *