4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

ШАРДАРА: ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Қазіргі таңда қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың және қылмыстың алдын алу. Осы бағытта жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіпке баулу және заңға бағынышты азамат тәрбиелеу мақсатында Шардара ауданы Ақшеңгелді ауылдық округіне қарасты Ақалтын және Егізқұм жалпы білім беретін мектептерінде ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға құқық тәртібін сақтау, қоғамда белгіленген ережелер мен нормаларға бағыну – әр азаматтың басты міндеті екені айтылды. Сонымен қатар, жаман әдеттерден бойды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Кездесуде құқық бұзған немесе қылмыс жасаған жағдайда заң алдында жауапкершілік қарастырылатыны түсіндірілді. Мектеп оқушыларына нақты мысалдар келтіріліп, заң бұзушылықтың салдары мен оның өмірге әсері жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Бұл кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін оятуға және келешекке саналы қадам жасауға бағытталған маңызды қадам болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *