5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАНДА «ҰМАЙ АНА» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ұмай ана» фестивалі өтті.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.
Фестивальдің ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Ұмай ана» фестиваліне Түркістан облысына қарасты 13 аудан, қаладан 50 жастан асқан аналар қатысып, III кезеңнен тұратын сайыста бақ сынады. Атап айтсақ, бірінші кезең – әр қатысушы құрамның жетекшісі топты таныстыруы; (берілетін уақыт – 3 минут); Екінші кезең – Отбасын қорғаушы мейірімді ана рөлін театрландырылған қойылым көрсетуі; (уақыт 4-5 минут); Үшінші кезең – «Тәрбиенің түп-тамыры – ұлттық тәрбие» аталымымен ұрпақ тәрбиесіндегі үздік тәжірбесін көрсету (берілетін уақыт 3-4 минут).
Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың өнері мен әлеуетін бағалау кезінде үміткердің өзін ұстау мәдениетіне, тапсырмаларды орындау шеберлігіне, көшбасшылық қасиетіне, түрлі ситуациялық жағдайлардан оңтайлы шыға алатын көрегенділігіне, тіл тазалығына, киіміне назар аударды.
Фестиваль қорытындысында Мақтаарал ауданының «Асыл аналар» тобы үздік шығып, 1-орынды иеленді. Ал Түлкібас ауданының «Шаңырақ шуағы» тобы 2-орынды еншілесе, Бәйдібек ауданының «Домалақ ана» тобы 3-орынға лайық деп танылды.
Сондай-ақ өз өнерлерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген «Төле би Ару аналар» (Төле би), «Сырлы Созақ аналары» (Созақ), «Нұрлы ана» (Сарыағаш), «Шежірелі әжелер» (Түркістан), «Ұлы дана аналары» (Шардара), «Қазығұрт асулары» (Қазығұрт), «Берекелі босаға» (Сауран), «Ақ кимешек – Аналардың ақ тәжі» (Ордабасы), «Дәстүр әжелер тобы» (Отырар), «Қарлығаш» (Сайрам) топтары арнайы марапаттарға ие болды.
Іс-шара соңында фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Бұл орайда, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева мен облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова марапат иелерін арнайы құттықтап, алғыстарын жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *