4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ–БАСТЫ НАЗАРДА!» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне ұйымдастырылған «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» атты ауқымді іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – балалардың өмір қауіпсіздігі мәдениетін дамытуға және қалыптастыруға, төтенше жағдайларда жүріс-тұрыс ережелерінің маңыздылығын түсінуге, алғашқы көмек көрсету және жарақаттанудың алдын алу дағдыларын дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Аталған іс-шара балалар мен ата-аналарды қауіпсіздік пен жақсылыққа арналған жарқын және балаларға қызықты, пайдалы, әрі керемет көңіл-күй сыйлайтынына сенімдіміз. Бұл күн бізге ең басты құндылық балалық шаққа деген қамқорлықты еске салады.

Бүгінгі іс-шарада құтқарушылар балалар үшін түрлі сайыстар, шеберлік сабақтар, флешмоб, көңілді концерттік бағдарлама және нағыз батырлардың қызметімен таныстырады.

Құрметті балалар және жас бүлдіршіндер сіздер еліміздің болашағысыздар. Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен адал достар тілейміз. Жазғы демалыстарыңыз шаттыққа толы жарқын сәттермен есте қалсын. Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде судың жанында, табиғатта және үйде қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *