4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Қазақстанда балалардың құқықтық жағынан қорғалуы 90%-ға жетті — Балалар әл-ауқаты индексінің аралық қорытындылары

«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылға арналған Балалар әл-ауқаты индексінің алдын ала қорытындыларын шығаруда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Биыл ерекше назар аударылған басты бағыттардың бірі — балалардың құқықтық жағынан қорғалу деңгейі болды. Жинақталған деректерге сәйкес, бұл көрсеткіш 90%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда тұрақты оң динамиканы көрсетіп отыр.
Көрсеткіштің өсуі алдын алу және ақпараттық түсіндіру шараларының артуымен байланысты. Атап айтқанда, 2024 жылдың басынан еліміздің барлық мектептерінде балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық диалог мәдениетін дамыту және құқықтарды қорғау жүйесіне сенімдерін нығайту мақсатында «Мен өз құқығымды білемін» ақпараттық айдары іске қосылды.
Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі өз құқықтарын білетінін және олар бұзылған жағдайда қайда жүгіну керектігін жақсы түсінетінін көрсеткен.
Балалар әл-ауқаты индексі Мемлекет басшысының тапсырмасымен үш жыл бұрын енгізілген және елдегі бала жағдайын бағалаудың стратегиялық құралы болып табылады. Бұл құрал жағдайды ел бойынша ғана емес, өңірлік деңгейде де саралауға, сондай-ақ ұлттық деректерді халықаралық стандарттармен салыстыруға мүмкіндік береді.
Индекстің әдістемесі 56 индикатор бойынша төрт бағыт бойынша жүргізіледі: «Бала», «Отбасы және қоғам», «Мемлекеттік саясат» және «Елдің әл-ауқаты». Олар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, дамуға жағдай жасау және бала тәрбиелеп отырған отбасылардың жалпы өмір сүру деңгейі сияқты негізгі салаларды қамтиды.
Бала құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмысы — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *