Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Woosong» білім беру қорының құрметті төрағасы және басқарма мүшесі Сонг Кён Ким бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ашылатын халықаралық университетті уақтылы тапсыру, жұмысын бастау, құжаттарын реттеу, оқу процесін жүйелеу бағытындағы мәселелер талқыланды. Облыс әкімі бұл оқу ордасы аймақ үшін маңызды екеніне тоқталды. Әкімдік тарапынан міндеттемелер жоспарға сай орындалып жатқанын жеткізді.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырмасы аясында тиісті жұмыстар жүруде. Өзіңізге белгілі, 2024 жылдың 1 сәуірінде Түркістан облысының әкімдігі мен Корея Республикасының арасында «WOOSONG» университетін құру туралы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бүгінгі таңда, университеттің құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталды. Облыста университеттің ашылуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы «Өңірлік іске асыру алгоритмі» бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімдігі тарапынан осы оқу ордасына 100 білім грантын бөлу жоспарлануда. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.
Кездесуде Сонг Кён Ким Түркістан өңіріндегі халықаралық университет аймақтың әлеуетін көтеруге серпін беретініне сенім білдірді. Шәкірттерге білікті ұстаздар, профессорлар білім беретінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Түркістан облысының әкімдігі мен Корея Республикасының «WOOSONG» 2024 жылдың 1 шілдесінде «Түркістан қаласында әкімшілік ғимарат салу» инвестициялық жобасын іске асыру жөнінде бірлескен қызмет туралы келісім жасалды. Құрылысты аяқталу мерзімі – 2025 жылдың 15 маусымы. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 95% орындалған. Филиалдың оқу бағдарламаларын анықтау, ҚР мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкестендіру, реестрге енгізу жұмыстары жүйеленуде. ІТ университеті 4 факультеттен тұрады және 2340 студентке дейін қабылдай алады деп күтіліп отыр. Студенттер «Жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Төртінші дүниежүзілік ІТ өнеркәсіптік революция (ақылды зауыт)», «Мультимедиа және веб дизайн» факультеттеріне қабылданады. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан гранттар бөлу мәселесі бойынша қажетті жұмыстар атқарылуда. Студенттер үшін жергілікті жеке кәсіпкер есебінен 600 орындық жатақхана құрылысы жүргізіліп, аяқталуға жақын.
Бұл бастаманы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Түркістан облысы әкімдігі бірлесе жүзеге асыруда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуамен кездесті. Кездесуде…
«Ассамблея қоғамдық ұйымдармен және институттармен тығыз байланыста жұмыс істеп, еліміздің ішкі саясатын жүзеге асыруға белсене атсалысып келеді. Осылайша, мемлекет пен…
Түркістандағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және…