5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облысына жұмыс сапарымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Өркен Алшынбаева келді. Осыған орай Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес отырысы өтті. Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ж.Жұматай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының аға офицері А.Серікқызы, ҚР Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы А.Салхудинұлы қатысып, баяндама жасады. Сонымен қатар, шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы департаментінің қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Өркен Болатқызы мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп колексінің талаптарын қатаң сақтау бағытында атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндады. Одан бөлек, кездесуде мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен әдеп қағидалары түсіндірілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің рөлі мен жауапкершілігіне қатысты қызметтегі негізгі қағидаттары айтылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *