5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТҰЛҒАЛАР МУЗЕЙІ» АШЫЛДЫ

Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Оңдасыновтың 120 жылдығына орай Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Ұлы дала елі» орталығының құрамындағы «Н.Оңдасынов атындағы музейі» жеке мұражай ретінде «Тұлғалар музейі» атауымен қайта құрылды.
Басқарма басшысы Әзімхан Қойлыбаев «Тұлғалар музейі» КММ-ң директоры қызметіне Ұлбосын Орынбайқызын тағайындап, қызметіне сәттілік тіледі. 2008 жылдан бастап музей саласында қызмет атқарып келген ол 2012-2025 жылдары аталған музей филиалының меңгерушісі қызметін атқарған. Айта кетейік, 2004 жылы Н.Оңдасыновтың 100 жылдық мерейтойына орай ашылған музейде ХХ ғасырдағы қазақ ұлтынан шыққан аса көрнекті мемлекет қайраткері, еліміздің тарихында өзіндік орны бар дара тұлғаларының бірі, лингвист-жазушы, Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың тарихи мұралары, жәдігерлері, өмірнамалары, қолжазбалары, жеке басына пайдаланған заттары жинастырылып, арнайы экспозициялар жасақталған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *