5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ «ТҮРКСОЙ» МУЗЕЙЛЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Астана қаласындағы Ұлттық музейде ІІІ Қазақстан музейлерінің Конгресі өтті. Шара – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының қолдауымен қолға алынған. «ТҮРКСОЙ» Музейлер бірлестігіне ұсынылған Қазақстанның 5 музейінің қатарына Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі де еніп, арнайы сертификат табысталды.
Конгресс аясында мұражайдағы жәдігерлерді консервациялау мен реставрациялау мәселелері талқыланып, отандық және шетелдік мамандар арасында тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң құрылды. Арнайы шеберлік сағаттар ұйымдастырылып, тарихи-мәдени мұраны сақтау жолындағы жаңа тәсілдер мен заманауи әдістер таныстырылды. Сонымен қатар, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Рухани қазына – 2025» Республикалық фестивалінің «Үздік облыстық маңызы бар музей» номинациясы бойынша қатысып, сертификат иеленді.
Содай-ақ, ұлттық мұражай алаңында Ақтау қаласының түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы болып жариялануына байланысты әзірленген мәдени бағдарлама аясында арнайы отырыс өтті. Жиынға Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Молдова, Солтүстік Кипр мұражайларының өкілдері мен Қазақстанның республикалық және өңірлік музей басшылары қатысты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *