4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

КЕНТАУДА «ҚОҚЫС АЛЫП КЕЛ ДЕ, БАЛМҰЗДАҚ АЛ» АТТЫ ПЛОГИНГ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгінде Кентау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік шаралары ерекше форматта өтуде. Игі іс «Қоқыс алып кел де, балмұздақ ал» атты плогинг акциясы аясында ұйымдастырылған. Бұл экологиялық бастамаға балалар мен жастар ерекше қызығушылық танытып, белсенді түрде қатысып жатыр. Жалпы ауқымды тазалық жұмыстарына қаладағы 30-ға жуық мекемеден 500-ге жуық қызметкер, еріктілер мен тұрғындар белсене қатысқан.
Сенбілік барысында 12 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 50 тоннаға жуық қоқыс қала аумағынан шығарылды. Қала тазалығына бағытталған бұл шаралар мұнымен тоқтамай, тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Қала әкімдігі алдағы уақытта да осындай креативті әрі тиімді экологиялық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отыруды жоспарлап отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *