4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЛЕСТІК ҚАРБЫЗДАР САТЫЛЫМҒА ШЫҚТЫ

Келес ауданының Бозай ауылдық округіне қарасты Тартоғай елді мекенінде биылғы қарбыз маусымы сәтті басталды. Жеке кәсіпкер Жүсіпбек Әшірбековтің иелігіндегі “Жүсіпбек” шаруа қожалығы 25 гектар суармалы егістік алқапқа еккен қарбызын ерте жинауға кіріскен. Заманауи агротехнология мен тынымсыз еңбектің нәтижесінде өнім жылдағыдан бір апта бұрын пісті. Тамшылатып суару жүйесін қолдану арқылы шаруа су үнемдеп қана қоймай, өнімнің сапасы мен көлемін арттырған. Қарбыздардың салмағы ең ірісі 15 келіге дейін жетіп, орта есеппен 10 келіні құрайды. Қазіргі таңда өнім жергілікті нарықта келісіне 200 теңгеден сатылуда.
Шаруа қожалығы ауыл тұрғындарын да назардан тыс қалдырмай, маусымдық жұмыстарға күніне 40-қа жуық адамды тартып отыр. Бұл – ауыл тұрғындары үшін табыс табуға мол мүмкіндік, ал кәсіпкер үшін еңбектің өнімділігін арттыратын күш. Биыл егістік алқапты шегірткеден қорғауда жергілікті әкімдік тарапынан көрсетілген қолдау маңызды рөл атқарды. Уақытылы жүргізілген залалсыздандыру және бақылау жұмыстары алқаптың қауіпсіз сақталуына мүмкіндік берген.
Айта кетейік, өткен жылы ауданда 22 871 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, өнім көлемі 70,1 млрд теңгеге жеткен. Биылғы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 7,6 млрд теңгені құрады. Өткен жылы 1300 гектар алқапқа жаңбырлатып суару жобасы іске асырылса, биыл бұл бағытта 1139 гектар жерге ендіру жоспарлануда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *