4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

ТҮРКІСТАН: 7 АУДАННЫҢ ШАРУАЛАРЫ ОРДАБАСЫДА БАС ҚОСТЫ

✔️«Бөген» су қоймасында өткен келелі кеңеске облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысты.
✔️Биылғы ауа-райының қолайсыздығы диқандарға зиянын тигізбес үшін ағын суды пайдалануда ортақ келісім мен тәртіп маңызды. Бүгінгі басқосуға жиналғандар осы мәселе төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты.
✔️Еңбек ардагерлері тәжірбиелерімен бөліссе, мамандар шаруаларды бар суды барынша тиімді пайдалануға шақырды.
✔️«Бөген» су қоймасы арқылы 67,8 мың га жер суғарылса, «Қараспан» су торабы 79 мың гектарға су жеткізуге қабілетті. «Бөген» су қоймасының сыйымдылығы 370 млн. текше метрді құрағанымен, қазіргі таңда жиналған су мөлшері 230,5 млн. м3.
✔️Облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов өз кезегінде диқандарға тілектестігін білдіріп, мемлекет тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды.
✔️Облыс әкімінің орынбасары диқандарға егілген өнім ерекшелігін ескере отырып, кезектілік түзу, бар суды өңірлердегі шаруалармен кеңесе отырып ортақ келісіммен пайдалану қажеттігін түсіндірді.
📌– Кез-келген бау мен бақша байбаламмен өспейді, бабымен жетіледі. Әйтсе де, ғалымдар су қорының тұрақсыздығынан зардап шекпеу үшін, суды үнемдеу керектігін тұрақты ескертіп келеді. Мемлекет басшысының су үнемдеу технологиясына көшу бойынша берген тапсырмасының түпкі мәні осы, – деді Нұрбол Тұрашбеков өз сөзінде.
✔️Кездесу соңында «Бөген» су қоймасының басында шаруалардың бастамасымен, құрбандық шалынып, ас берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *