4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Экономика

Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды

Елімізде ақылы жолдардың тарифтері өседі. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, ақылы жолдардың тарифтерін 2-3 есеге көтеру ұсынылды.

«Бұған дейін тарифтердің бағасын 2-3 есе көтеру ұсынылған еді. Біздің мамандар жолға қажет техниканы сатып алудан бөлек, жолдарды күтіп ұстауға қанша қаражат кететінін есептеуі керек», деді Марат Қарабаев.

Осы тұста ведомство басшысы ақылы жолдардың тарифтері халықпен талқыланатынын алға тартты. Аталған талқылаулар осы жылдың наурыз айында басталады деп жоспарланып отыр.

Марат Қарабаевтың айтуынша, жолдардың тарифі 11 жыл бойы өзгермеген.

«Тарифті көтеруді жоспарлап отырмыз. Неге екенін түсіндіріп кетейін. 2013 жылдан бері тариф 11 жыл бойы өзгермеген, былтыр 20 пайызға өскен. Мәселен, біздің тарифтерімізді Ресеймен салыстырып көрейік, егер Қазақстанда тариф 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде ұлттық валютамызға аударғанда – 7 теңге. Жолдар сапалы болуы үшін арнайы техникалық қызмет көрсету, жөндеу керек. Халық бұл шығындар салық төлеушілер есебінен болғанын қаламайды. Жалғыз нұсқа – тарифтерді көтеру», деп түсіндірді министр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *