4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды
Спорт

Назым Қызайбай бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан болып жатқан Азия чемпионатында Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндізгі сессияда Қазақстаннан алғашқы болып рингке екі мәрте әлем чемпионы Назым Қызайбай шықты.

Ол 50 келіге дейінгі салмақта Жапония елінің өкілі, 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола жүлдегері Намики Цукимимен жұдырықтасты.

Назым осы чемпионатта ширек финалда моңғолиялық Мунгунсаран Балсанмен қолғап түйістірген болатын. Жекпе-жек тартысты өтіп, төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берген еді.

Н.Қызайбайдың жартылай финалдық бәсекесі де қызу өтті. Қос боксшы аянып қалған жоқ. Төрешілер жеңісті басым дауыспен жапониялық спортшыға берді.

Н.Цукуми финалда вьетнамдық Ти Там Нгуенмен алтын жүлдені сарапқа салады.

Сондай-ақ бүгін Азия чемпионатында тағы сегіз боксшы қызымыз финалдың жолдамасын сарапқа салады

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатын Қамшыбек Қоңқабаевтың жеңіспен түйіндегенін, сондай-ақ бүгін тоғыз қазақстандық боксшының финалға шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *