4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Алматы әкімдігі автобустарда жол жүру ақысы туралы: Орташа тариф 250 теңге болады

Алматы қалалық мобилділік басқармасы қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысын өзгерту мәселесіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев “жаңа тарифтік саясат” енгізілетінін айтқан болатын. Бүгінде Алматы қаласында 80 теңге болатын тариф бар. Бұл тариф 10 жыл бұрын енгізілген.

“Тариф 2012 жылдан бері өзгерген жоқ. Осы уақыттан бері ЖЖМ құны, жүргізушілердің жалақысы, автобустар мен қосалқы бөлшектер құны бірнеше есе өсті. Тарифті өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда, ол алдын ала және халықпен қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін ғана хабарланады”, – деді Алматы қалалық мобилділік басқармасы өкілдері.
Басқарма мәліметінше, әрбір әлеуметтік маңызы бар маршрут үшін жеке анықталатын есептік тариф ұғымы бар. Есептік тариф 2017 жылы енгізілген субсидиялау шамасын айқындау кезінде қолданылады. Осылайша, тасымалдаушыларға есеп айырысу мен базалық тариф арасындағы айырма төленеді, яғни олардың шығыны іс жүзінде өтеледі.

“Есептік тариф – бұл жол жүрудің нақты құнын көрсететін тариф, ол тасымалдаушының маршруттарға қызмет көрсетуге арналған шығындарын (ЖЖМ, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, жүргізушінің жалақысы, амортизациялық шығыстар және т.б.), сондай-ақ жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістерді ескере отырып қалыптасады. Орташа тариф – 250 теңге”, – деді басқарма өкілдері.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *