4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Маңғыстауда обаға қарсы екпе жүргізіледі

Маңғыстауда обаға қарсы 13840 адамға екпе салынады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Екпе жануарлардан жұғатын аса қауіпті, табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру – обадан қорғану мақсатында жоспарланып отыр.

«Обаны тасымалдаушылар – бүрге, кеміргіш, тышқан, егеуқұйрық, сарышұнақтар. Яғни, жанасу арқылы, ауа-тамшылары арқылы жұғады. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Вакцинациялауды жоспарлы түрде жасау керек және эпидемиялық көрсетілімдер бойынша бір рет, қайта вакцинациялауды соңғы егуден кейін 12 айдан кейін жасайды,- деді Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айнұр Құлжымырова.

Спикердің айтуынша, екпе жұмыстары сәуір айында басталған. Жалпы обаның алдын алу үшін көктемде және күзде эпиджасақтар шығарылады.

«Осы жылы қыркүйек айына дейін 2 стационарлық және 4 эпидемиологиялық жасақтармен 70,7 мың шаршы шақырым аумақ зерттелді. Ең алдымен елді мекендердің айналасы және басқа да адамдар шоғырланатын жерлер зерттелді. Есепті кезеңде кеміргіштер мен сыртмасылдардан обаның оқшауланған дақылдары болған жоқ, – деді Маңғыстау облыстық обаға қарсы күрес станциясы филиалы басшысының орынбасары Мархабат Төлегенова.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *