Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Кандитаттар 3 миллион теңге жарна төлеуі тиіс: Кім Қазақстан президенті болып сайлана алады?

Кандитаттар 3 миллион теңге жарна төлеуі тиіс: Кім Қазақстан президенті болып сайлана алады?
22 сентября, 2022
in Басты жаңалықтар, Билік
0
0
SHARES
9
VIEWS

ҚР Президенті сайлауына қатысуға үміткерлер 3 миллион теңге жарна төлейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, сайлау туралы Конституциялық заңның 55-бабының 1-тармағына сәйкес президенттікке кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі.

“Ұсыну туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы мүшесінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады», — деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Сондай-ақ, ОСК төрағасының орынбасары кандидаттарды заң талаптарына сәйкес келетіндігі өтініш бергеннен кейін 5 күннің ішінде тексерілетінін айтты.

«Кандидаттардың Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтауды Орталық сайлау комиссиясы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттаманы, дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші және кандидаттың сайлау жарнасын төлегенін растайтын түбіртекті өткізгеннен кейін 5 күн ішінде жүзеге асырады. Жарна мөлшері — 3 млн теңге», — дейді ол.

Сондай-ақ орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары президентікке кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады.

Президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптар:

тумысынан Қазақстан азаматтығы болуы;
ҚР аумағында соңғы 15 жыл тұруы;
жоғары білімінің болуы;
жасы 40-қа толған болуы;
белсенді сайлау құқығының болуы;
мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.
Сондай-ақ ОСК президенттікке кандидат болу үшін қанша қол жинау керек екенін айтты.

Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстардың, республикалық маңызы бар калалардың және астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1%-нің қолын жинаумен куәландырылуға тиіс.

Қол қою парақтары кандидаттың Конституция мен Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін бес күн ішінде беріледі.

Бірінші шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан сайлаушыларының тізіміне дауыс беру құқығы бар 11 827 277 азамат енгізілді.

Әрбір кандидатты қолдау үшін 118 273 сайлаушының қолы жиналуы шарт.

Айта кетсек, Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады.

Алдыңғы жаңалық

Сенат Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан шығаратын құжатты қабылдады

Келесі жаңалық

"Зорлықпен өлтірілген": Оралға жақын жердегі қоқыс полигонынан ер адамның мәйіті табылды

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
«Зорлықпен өлтірілген»: Оралға жақын жердегі қоқыс полигонынан ер адамның мәйіті табылды

"Зорлықпен өлтірілген": Оралға жақын жердегі қоқыс полигонынан ер адамның мәйіті табылды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz