4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Шымкентте ойын бизнесінің ұйымдастырушысы ұсталды

Шымкентте заңсыз ойын бизнесін жүргізген азамат ұсталды. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Заңсыз кәсіп иесінен жүйелік блоктар мен мониторлар, ноутбук, ойын терминалдары, рулетка және чек аппараты тәркіленді.

АФМ департаменті “Стоп ойын” жедел-алдын алу іс-шаралары аясында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісін анықтаған.
“Жүйелік блоктар мен мониторлар, ноутбук, ойын терминалдары, рулетка, чек аппараты және басқа да техника табылып, тәркіленді. Іс сотқа берілді. Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылды. Оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды”,-деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

“Ойын бизнесі туралы” заңы бойынша, казино мен ойын автоматтары залын Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтарда орналастыруға болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *