4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Тілсіз жауды 5 минутта алдын алатын ақылды жүйе

Бурабай ұлттық паркінде Smart Burabay жүйесінің жұмысы таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Smart Burabay – орман жерлерді өрттен қорғайтын цифрлық мониторинг жүйесі. Бүгінгі таңда Ұлттық парк аумағында осындай 13 мұнара бар.

Ақылды жүйе 2020 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылған.

Биыл орман инспекторларының жұмысы айтарлықтай көбейе түскен. Өйткені парк аумағында тұтанған өрт жиілеген. Smart Burabay технолгиясы аптап ыстық кезде инспекторлардың жұмысын жеңілдетіп, тілсіз жаудап қорғауға зор септігін тигізеді.

Жаңа технология туралы Бурабай ұлттық паркінің табиғатты қорғау жөніндегі эколог-инженері Маржан Абдрахманова сұрап білдік.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 18 өрт оқиғасы тіркелген.

Биыл тұтанған өрттердің аумағы 0,5 гектар. Ал былтыр паркте 38 өрт тіркеліп, оның көлемі 20,5 гектар жеткен еді. Біз бұл ақылды жүйені тілсіз жаудың шығу нүктелері мен себептерін тез арада анықтау үшін пайдаланып отырмыз. Өрт дерегі тіркелген жағдайда орман инспекторлары оқиға орнынан жедел жетеді, – деді Маржан Абдрахманова.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *