4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Қазақстанда бала өлімі көрсеткіші жоғары өңірлер

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы бала мен ана өлімі көрсеткіші жоғары аймақтарды атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, бала өлімі көрсеткіші 1000 тірі туған бала санына шаққанда 8,3 болған.

“Бала өлімінің ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. 60 пайызында шала туған нәрестелер шетінеп кеткен”, – деді министр үкімет отырысында.
Сонымен қатар, ол Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында ана өлімі көрсеткіші жоғары екені байқалатынын атап өтті.

“Себептер құрылымында акушерлік асқынулар – 70 пайыз, соматикалық аурулар – 30 пайыз”, – деді ол.

Сонымен қатар, Ғиният медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында медициналық кадрларды даярлауға арналған резидентура гранттарының саны 1500-ге дейін ұлғайтылғанын атап өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *