5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Денсаулық

Ажар Ғиният дәрігерлердің орташа жалақысын атады

Ел тұрғындарына 886 мыңға жуық қымбат медициналық қызмет көрсетілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтырдан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе жоғары деңгейге жеткізу мақсатында жыл сайын арттырылуда. Биылдың өзінде дәрігерлердің орташа жалақысы 420 мың теңгеге жеткіледі. Бұл ретте орта медицина қызметкерінің жалақысы шамамен 235 мың теңгені құрады», – деді министр «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының бірінші жартыжылдықтағы нәтижелері жайында баяндай келе.

Сонымен қатар ол Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халыққа қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігі артқанын айтты.

«Қазіргі уақытта 886 мыңға жуық қымбат медициналық қызмет көрсетілді», – деді Ажар Ғиният.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *