4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Шардарада шенеунік пара алды деген күдікпен үйқамаққа алынды

Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы 1 500 000 теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ақпаратты Түркістан облыстық соты растады.

Күдіктіге мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам бола тұра, өзінің қызмет бабын жеке бас пайдасына пайдаланып 1 500 000 теңге пара алды деген айып тағылып отыр.

«Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі қаулысымен күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы 3 айға, 2022 жылғы 21 қазан сағат 15:08 минутқа дейін ұзартылған», – делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *