5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +8°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Таразда той үстінде оқ атқан ер адам ұсталды

Тараз полицейлері үйлену тойында оқ атқан азаматты ұстады, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкері тойда аспанда оқ атқан бейнежазба тараған. Полиция департаментінің қызметкерлері тексеріп, бейнежазбаға кейіпкерін тапты. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 293 – бабы 3-бөлігі – “қарудың қолдануымен жасалған бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды.

“Тергеу барысында мылтық асынған адам полиция қызметкері емес және бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істемеген. Ол Тараз қаласының уақытша жұмыссыз тұрғыны екені анықталды” – деп хабарлады ведомоствода.

Тойды ойран еткен жігіт 28 жаста. Сайга аңшы мылтығын алып жүруге рұқсатты 2021 жылдың 1 маусымында алған. Қазіргі уақытта қару тәркіленіп, қылмысқа қатысты сот-баллистикалық сараптамаcы тағайындалды.

Күдікті сот шешімімен үй қамауына алынды. Кінәсі дәлелденген жағдайда оған үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *