4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Астана атауын қайтару үшін қосымша қаражат қажет болмайды

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдар бюджеті департаментінің директоры Светлана Кучерова елордаға Астана атауын қайтаруға қатысты қосымша шығындар болмайтынын айтты, деп хабарлайды Turkistanzaman ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Елорданың атауын өзгерту бойынша тоқталсақ, орталық мемлекеттік органдарда ғимарат маңдайшасындағы жазулар ауыстырылады. Бұл жұмыстар жыл сайын ғимараттарды күтіп ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бланкі өнімдерін өзгерту қажет болады. Атап айтқанда, мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналым бар екенін ескерсек, бланкілерді басып шығаруға қомақты қаражат керек болмайды», – деді департемент басшысы.

Оның айтуынша, бұл шығындарды бұған дейін қарастырылған қаражат сомасында іске асыруға болады.

«Елорда атауы жазылған нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгеріс енгізу қосымша шығындарды қажет етпейді», – деді Светлана Кучерова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, депутаттардың елордаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *