4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Кәсіпкерлер 2 жыл азық-түлік бағасын көтермеуге міндеттелді

Атырау облысының кәсіпкерлеріне әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын тұрақты ұстау үшін 1 млрд 414 млн тенге қайтарымды қаржы берілді, деп хабарлайды Turkistanzaman BAQ.KZ сілтеме жасап.

Бұл жұмыс 2022-2023 жылдарға арналған бағаны тұрақтандыру бағдарламасын іске асыру мақсатында қолға алынған. Бөлінген қаражаттың арқасында жергілікті бизнес иелері 2 жыл бойы азық-түлік құнын қымбаттатпауға міндеттеледі. Дегенмен, қайтарымсыз қаржы арқылы кәсібін дөңгелететін 4 компания, яғни «Идеал Маркет» ЖШС, «JCS-corporation» ЖШС, «Агро Қазына» ЖШС және «Агрофеликс» ЖШС уақытша алған қаржысын қайтаруы тиіс.

Бүгінде өңірдің тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 18 атауы шекті және шекті рұқсат етілген бөлшек саудадан аспайтын, сондай-ақ нарықтық бағадан орташа алғанда 21% – ға төмен бағамен сатылып жатыр. Тұрақтандыру қорына 3 041,4 тонна азық-түлік тауарлары, оның ішінде 1 953 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Бұл көлем облысты 2023 жылдың мамыр айына дейін қамтамасыз етеді. Картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат сияқты ауыл шаруашылығы өнімдері қаланың 4 базарында және 4 сауда павильонында сатылады. Сондай-ақ картоп 11 «Ярмарка» супермаркетінде сатылып жатыр, – деді «Атырау» ӘКК АҚ департаментінің директоры Дмитрий Дю.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *