4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Атырау даласында құлпынай өсіріле бастады

Атыраулық шаруа далалы алқапқа құлпынай өсіруді қолға алды. Ол 1 гектарға 17 мың түп италиялық, калифорниялық құлпынай түрін еккен, деп хабарлайды Turkistanzaman ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына қарағанда, құлпынай өсірумен айналысатын Нұржігіт Рақымжанов Махамбет ауданының Жалғансай ауылдық округінде тұрады. Ол 1 гектарға суыққа да, ыстыққа да төзімді 17 мың түп шетелдік сорттағы құлпынай еккен.

«Мамандығым – мұнайшы. Бұрын жеке кәсіппен де, шаруашылықпен де айналыспаған едім. Коронавирус инфекциясы басталғанда, тұрғындар қойдың құйрық майға, лимон мен зімбірге, оған қоса құлпынай сынды жеміс-жидектен қайнатылған тосаптарға сұраныс арта түсті. Сол кезде Қырғызстаннан бір қорабы 2 500 теңге тұратын құлпынай келеді дегенді естідім. Базардан алған сол құлпынайдың дәмі де, түрі де көңілімнен шыққан жоқ. Себебі, бірнеше күн көлікпен тасымалданған жұмсақ жеміс езіліп қалған», – дейді Нұржігіт Рақымжанов.

Сол кезде құлпынай өсіруге бел буған. Бірақ, алдымен құлпынайды өсіру әдісін зерттеген. Голландияның, Италияның мамандарымен сөйлесіп, тұқым түрлерін салыстырған. Сөйтіп, былтыр үйінің ауласына 2 мың түп құлпынай еккен.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *