4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

ШҚО екі ауданында өртке байланысты төтенше жағдай жарияланады

Шығыс Қазақстан облысындағы табиғи өртке байланысты Катонқарағай мен Алтай аудандарында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін, деп хабарлайды TurkistanzamanҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Табиғи және техногендік сипаттағы қауіптің туындауына байланысты дала және орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру, сондай-ақ Катонқарағай ауданындағы елді мекендерді өрт шалмас үшін төтенше жағдай жариялансын», – делінген Катонқарағай ауданы әкімдігінің ұсынған шешім құжатында.

Сонымен қатар, 2 қыркүйекте Алтай ауданы Малеевка ауылдық округінің аумағында тұтанған өрт салдарынан аталған аумақта да төтенше жағдай енгізілмек.

«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Малеевка ауылдық округінің аумағында «Зырян орман шаруашылығы» КММ, Быково орманшылығы 92, 93, 94, 90 кварталдарында шөп, бұта және ағаштар жанып жатыр. Қазіргі уақытта таулы жер болғандықтан және метеожағдайға байланысты өртті сөндіру күрделене түскен. Өрт шарпыған аумақтың көлемі – 800 гектар. Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіруге 29 техника жұмылдырылды. Алдын ала есеп бойынша орман шаруашылығына келген шығын сомасы – 68 738 161 теңге», – деп көрсетілген Алтай ауданы әкімдігінің шешімінде.

Қос аудан бойынша төтенше жағдай жариялау туралы шешім бүгін күшіне енеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *