4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Қостанай облысында Сібір жарасы таралуда

Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округінде ірі қара малда Сібір жарасы ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленеді, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сілтеме жасап.

Костряков ауылдық округі әкімі шешімімен Запасное ауылының аумағында карантин белгіленеді.

Айта кетейік, бір жыл бұрын шілде айында күйдіргі жарасы Қостанай облысы Денисов ауданының аумағында Приречное ауылында анықталған болатын. Қараша айында ауру Денисов ауданындағы Жалтыркөл ауылындағы шаруашылықтардың бірінде тіркелді.

Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың мамыр айында өңірде Сібір жарасы бойынша 156 стационарлық аймақ есепке алынған. Бұл жерлерде Сібір жарасы бар ауру мал көмілген. Облыста осындай 308 жерлеу орны бар.

Негізінде Сібір жарасымен жануарлар ауырады, бірақ адамға жұғуы мүмкін. Сібір жарасымен ауырған малдың етін жеуге болмайды. Тіпті етті ұзақ пісірсе де, микробтар жойылмайды. Сондықтан өлген жануарларды инсенератор пештерінде жағып жою қажет.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *