4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Тапқан табысынан салық төлемеген таксистерге 46 мың теңге айыппұл салынады

Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті жеке тасымалмен айналысатын азаматтарға мемлекеттік бюджет алдындағы салық міндеттемесін орындау керектігін еске салады, деп хабарлайды urkistanzaman ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Ең алдымен, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет.

Ол үшін кәсіпкерлік қызметті жүргізетін мекенжайы бойынша салық органына ЖК ретінде қызметінің басталғанын хабарлайды.

Белгіленген нысан бойынша хабарламаны ол электронды үкімет порталы арқылы немесе мекемеге барып өткізеді.

Жеке тасымалмен айналысатын жеке тұлғалар режимнің мынадай түрлері бойынша тіркеле алады:

– патент негізінде арнайы салық режимін (АСР) қолданатын ЖК;

– e-Salyq Business арнайы мобильді қосымшасын пайдалана отырып АСР қолданатын ЖК;

– оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын ЖК;

– ЖК жалпы белгіленген режимде.

Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 463-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен тиісті тіркеусіз айналысу жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде, қайталап бұзған кезде – 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзу жасаған заттары мен құралдары тәркіленеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *