5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Малын қараусыз жіберетіндерге салынатын айыппұл 300 мың теңгеге дейін артуы мүмкін

Елімізде малдың жол бойына шығып кетуі салдарынан болатын жол апаты жиілеп кеткен. Сондықтан малын қараусыз жіберетін тұрғындарға салынатын айыппұл мөлшерін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту қажет. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» басқармасы төрағасының орынбасары Серік Айдос елордада өткен брифингте айтты, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат сілтеме жасап.

«Полициямен бірге жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, елді мекен тұрғындарымен жиі кездесу өткізіп, автомобиль жолының бойына мал жаймау керектігін түсіндіреміз. Хаттама жасалып, жадынама таратылады», – деді ол.

Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексте жол бойында жайылып жүрген мал иелеріне жауапкершілік қарастырылған.

Яғни, мал иесіне 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал егер мал кесірінен жол-көлік апаты болған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

«Орын алған жағдайды ескере отырып, үй жануарларына дұрыс қарамағаны үшін салынатын айыппұлды 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту ұсынылады», – деді Серік Айдос.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *