4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Билік

Ұятсыз адамдар газдан 500 пайыз пайда тауып отыр

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауда Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Башимов Ұлттық экономика министрлігі әділетті мемлекет статусына қайшы дүниені жасап отырғанын айтты,  деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ сілтеме жасап.

Президент Жолдауында Әділетті Қазақстан деп тура жазылған. Әділетті мемлекет болған соң адамның жеке құқықтары болсын, саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары болсын қорғалуы керек. Сондай-ақ Президент соңғы сөздерінде саботаж туралы айтты. Мен депутат Смышляева келтірген бір ғана мысалды айтайын. Батыста сұйытылған газ 16 теңге тұрады, оны 85 теңгеге сатады. 500 пайыз пайда. Ал газды арзанға сату жөніндегі заң жобасына Экономика министрлігі қарсы болған, – деді ол.

Сонымен қатар спикер «Саботажшылар мен жалқауларға орын жоқ» деген Жолдауда есте қалған негізгі сөз болғаны айтты.

Тезистерде Әділетті мемлекет деп жазылған. Ал ұятсыз адамдар 16 теңге тұратын газдан 500 пайыз пайда тауып отыр. Алайда заң жобасына Президент саясатын жүзеге асыру керек Ұлттық экономика министрлігі қарсы болды. Бұл деректі тексеруіңізге болады, Парламент сайтында тұр, – деді Башимов.

Талқылауда Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры конституциялық сот, адам құқығы жөніндегі уәкіл туралы заңдарға сенімі барын жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *