4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Жамбыл облысында ағалі-інілі балалар пойыздан секіріп кеткен

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған ағалы-інілі балалар көрші ауылға әкесіне бару үшін жүк пойызының соңғы вагонына мініп алған. Пойыз жылдамдықты арттыра бастағанда балалар қорқып секіріп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға 29 тамызда кешке болған.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк пойызында кетіп бара жатқан балаларды бақташы байқап қалып, полицияға хабарлаған.

Іздеу нәтижесінде тоғыз жасар бала Билекөл ауылының маңынан, ал жеті жасар інісі Жұма станциясының жанынан табылды. Балалар ауруханаға жатқызылды, – деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Анықталғандай, 29 тамызда балалар Жамбыл облысының Тамды ауылында әжесінде қонақта болған.

Қараусыз қалған балалар көрші ауылда тұратын әкесіне баруды шешіпті. Осы мақсатта станцияда ұлдар жүк пойызының вагонына мініп алған. Пойыз жылдамдықты арттырған кезде балалар қорқып, Жұма станциясының маңында секіріп кеткен, – деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚК 344-бабының 1-бөлігі «теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздігі қағидаларын бұзу»бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *