4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Шымкентте атыс қаруы мен оқ-дәрілер жасырылған екі қойма табылды

Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады, – деп хабарлайды turkistanzaman Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ мен Шымкент қаласы ПД және ҰҚКД қызметкерлері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында мегаполис орталығындағы үйлердің бірінің қоршауы маңынан және орман алқабынан қару-жарақ жасырылған орындарды анықтады.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматы, “Сайга” тегіс ұңғылы мылтық, “Бенелли” аңшылық мылтығы, “Штурм” полиция қалқаны және бронжилет, сондай-ақ 115 оқ-дәрі және Ф-1 оқу гранатасын тәркілеген.

ҚР ҚК-нің 287-бабы 1 және 3-бөліктері “Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау және алып жүру” бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер қаруды жасырған азаматтарды анықтап жатыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *