4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Жетісай базары өртке оранды

Бүгін Жетісай ауданының тұрғындары түнді ұйқысыз өткізді. Түнгі сағат үштер шамасында басталған өрт таң атқанша жанған. Куәгерлердің айуынша өрттен базардың сексен пайыздай жері жанып кеткен. Негізінен сауда қатарларының тығыз орналасқан жері , маталар мен киім кешектер, тұрмысқа қажетті заттар сататын аумағы отқа оранған. Жалын тек таң атқанда ауыздықталған. Өңірдің төтенше жағдай департаменті әзірге ресми ақпарат таратпады. Өрттің нақты неден шыққаны да белгісіз. Қазір саудагерлер базар әкімшілігінің алдына жиналып, келтірілген шығындарын өтеп беруді талап етуде. Полицейлер болса қоғамдық тәртіпті қадағалауда.

Базарға кіретін жол жабық болғандықтан әрі дүкендердің көптігінен өртті сөндіру қиынға соққан сыңайлы. Бұған дейін аталған базар 2020 жылы мамырда базар аумағында азық-түлік және киім сататын бутиктердің жанынан шыққан. Ол кезде тілсіз жау 450 шаршы метр жерді шарпып, 290 шаршы метр аумақ толық жанып кеткен еді. Ал, осы жылы екі айдан соң азық-түлік дүкенімен қасындағы қақсапханада өртке оранған болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *