4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Қазақстанда жиі несие алатын жастар көбейген

Қазақстанда несие алатын жастардың саны көбеюде. Осы жылдың қаңтар айынан бастап 22 жасқа дейінгі 80,5 мың азамат өмірлеріндегі алғашқы несиелерін ресімдеген, деп хабарлайды turkistanzaman Stan.kz.

Бірінші кредиттік бюроның сараптамасына сәйкес, жастар арасындағы қарыз алушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға өскен. Ал жаңа клиенттерге берілген несиенің орташа мөлшері 320 мың теңгені құраған.

Көбінесе қазақстандықтар бірінші кезекте заемдарды несие карталары арқылы алады. Олардың 85%-дан астамы смартфондар, сымсыз құлаққаптар және басқа электроника сатып алу үшін қолданған. Сондай-ақ жастар скутер мен мопедтерді сатып алуға, қарыздарды өтеуге, жалға алу шығындарын өтеу үшін несие алады екен. Азаматтардың тек 5%-ы ғана бұл ақшаны білім алуға және өз ісін ашуға жұмсайды.

Орташа есеппен, Қазақстандағы бір қарыз алушыға қолданыстағы екіден астам кредит тиесілі.

“Егер 15-20 жыл бұрын әмиянға ғана қарап жақсы өмір сүру мүмкін болмаса, қазір мұндай мүмкіндік бар. Бірақ бұны жай ғана болашақтан қарыз алу деп түсіну керек. Бұл әрқашан дұрыс емес. Тек адамдар оны теріс пайдаланады, оны қалай дұрыс пайдалану керектігін түсінбейді. Бұған тыйым салудың қажеті жоқ. Адамдардың ызасын тудырады. Өйткені бәрі жақсы өмір сүргісі келеді. Тек несиені қалай дұрыс пайдалануды, салдары қауіпті болмау үшін не істеу керектігі жөнінде түсінік беру керек”, – дейді қаржы сарапшысы Арман Ботпаев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *