4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Түркістан облысында отбасыға қарумен шабуыл жасаған екі ер адам ұсталды

Түркістан облысында қаруланған туыс жігіттер жеке үйге шабуыл жасаған. Көп ұзамай күдіктілер анықталып, қамауға алынды, деп хабарлайды turkistanzaman Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шабуыл туралы Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарлаған. Анықталғандай, қарақшылар жәбірленушілерді қарумен қорқытып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Тексеру кезінде тұрғынның үйіне белгісіз екі ер адамның кіргені анықталды. Диванда ұйықтап жатқан үй иесі оянып кетіп, сезіктілерден кім екенін сұрай бастайды. Алайда күдіктінің бірі оның аузын жауып, дауысын шығармауға тырысқан.

Осы сәтте үй иесінің әйелі оянып, күдіктіге жармасады. Арпалыс кезінде күдіктілердің бірі қолындағы пневматикалық қарумен оқ атып, үйден қашып кетеді. Салдарынан үй иесі жарақат алды.

Күдіктілерді ұстау үшін арнайы топ құрылған. Жедел іздеу шараларының нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Жиналған ақпарат негізінде тәртіп сақшылары күдіктілерді тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Олар полиция бөліміне жеткізілді. Тінту кезінде сезіктілерден айғақты зат ретінде пневматикалық қару тәркіленді және бір-біріне туыс екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған жайт Қылмыстық кодекстің 192-бабы, 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу барысында орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *