4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Қазақстандық дәрігерлер испаниялық туристі аман алып қалды

Алматы қалалық №4 ауруханасының дәрігерлері 44 жастағы испаниялық турист Фернандо Боделонның өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды turkistanzaman Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам Қазақстанның танымал жерлерін аралау үшін Мадридтен Алматыға ұшып келген. Ол ұшақ қонуына бірнеше сағат қалғанда өзін нашар сезінген.

“Мойным ауырғанын сездім, қатты бозарып кеттім, бірнеше рет құстым. Содан кейін сол қол мен сол аяқта әлсіздік пайда болды. Алматы әуежайына қонғаннан кейін мені жедел жәрдем дәрігерлері қарсы алды”, – дейді Боделон.

Қабылдау бөліміне келген кезде туристің жағдайы ауыр деп бағаланған. Нейрохирургтер шетелдік қонақтың өмірі үшін 27 күн бойы күрескен.

“Миға жасалған компьютер томографиясы ми ісінгенін көрсетті. Науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды”, – деді №4 ҚКА қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Магадин Хайроев.

Оның өмірін құтқару үшін шұғыл операция қажет болған. Оған нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Әжібеков, ассистент Эльдар Бесенов және анестезиолог Маржан Мусина кіріскен. Операция 60 минутқа созылып, сәтті аяқталған. Дәрігерлер қан айналымын қалпына келтірген.

“Бақылаудан кейін Фернандоның жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылады”, – дейді №4 ҚКБ нейрохирург – дәрігері Алдоңғар Айсауытов.

Шығарылғаннан кейін бірден ер адам Испанияға оралып, онда оңалту курсынан өтеді. Болашақта турист басталған саяхатты жалғастырып, Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр.

“Бұл клиниканы, дәрігерлер мен қызметкерлерді әрдайым есте сақтаймын. Маған екінші мүмкіндік бергендеріңізге рақмет”, – деді Фернандо Боделан.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *