Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Билік

Оқушылардың керек-жарағын алуға берілетін қаржылай көмек ата-ананың шотына аудырылады

Тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушыларға берілетін қаражат сомасы ұлғайтылады
22 августа, 2022
in Билік, Қоғам
0
0
SHARES
37
VIEWS

300 мыңнан астам оқушы мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан қаржылай көмек алды, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес,

«Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында 300 мыңнан астам оқушы қаржы алды. Қаржылай көмек 475 мың балаға көрсетіледі.

«Оқу-ағарту министрі білім басқармаларының басшыларымен кездесуде төлемдерді 23 тамызға (қоса алғанда) дейін аяқтау туралы тапсырма берді. Биылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі қаржылай көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізді. Егер бұрын өңірлерде бөлінген сома 17 мыңнан 40 мыңға дейін болса, биыл бұл сома ұлғайтылып, кемінде 37 389 теңгені құрайды», — деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, көмек беру тетігіне де өзгерістер енгізілді. Енді ата-аналарға қаржы балаларымен бірге мектеп формасын, аяқ киімін, кеңсе тауарларын және тағы басқаларын өз бетінше таңдай алуы үшін банктегі шотына аударылады. Бұған дейін мұның барлығын әкімдіктер сатып алатын және тауардың өлшеміне, сапасына және басқа да жайтқа қатысты мәселелер туындайтын.

«Енді ата-аналар өздерінің банктегі шотына ақшаны тікелей алып, балаларына мектеп формасын, кеңсе тауарларын және аяқ киімін өз бетінше таңдай алады. Мұның артықшылығы — бала ата-анасымен бірге таңдаған киіммен мектепке бара алуында. Бұған дейін сатып алумен әкімдіктердің қызметкерлері айналысатын. Кейде киімнің өлшеміне, сапасына қатысты проблемалар туындайтын. Қазір әкімдіктер қаражат аударуды аяқтап жатыр. 37 389 теңге – ең төменгі сома. Жергілікті атқарушы органдар көрсетілген көмек көлемін көбейте алады, бірақ оны азайтуға құқығы жоқ. Кейбір әкімдіктер бұл сомадан артық қаржы бөліп жатыр, мысалы, Алматы 43 мың теңгеден. Біз мұны тек құп көреміз», — деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

«Жалпыға міндетті білім беру» қорынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар және тағы басқаларына көмек көрсетілетінін еске сала кетейік.

300 мыңнан астам оқушы мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан қаржылай көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдыңғы жаңалық

Қазақстандағы әуе компаниялардың қызметі 27 пайызға өсті

Келесі жаңалық

Еліміз дәрілік заттарды міндетті цифрлық таңбалауға дайын

Ұқсас жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры
Басты жаңалықтар

5 сентября, 2025
Бірлік – Қазақстанның басты байлығы
Басты жаңалықтар

Бірлік – Қазақстанның басты байлығы

4 сентября, 2025
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1 сентября, 2025
Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі

29 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
Еліміз дәрілік заттарды міндетті цифрлық таңбалауға дайын

Еліміз дәрілік заттарды міндетті цифрлық таңбалауға дайын

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz