Бір кездері протез жасайтын компанияда жұмыс істеген астаналық жас кәсіпкер Бақдәулет Туғанбай бұл күнде мүгедектігі бар тұлғаларға арналған экзоқаңқаларды құрап шығарады. Бұған дейін тек шет елдерден сатылып алынып келген экзоқаңқаның отандық түрі барын біреу білсе, көбі білмеуі мүмкін деп хабарлайды turkistanzaman Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
тандық экзоқаңқаны Бақдәулет Туғанбай бастаған үш жігіт ойластырып, бұл күнде жас кәсіпкерлер сәтті жобаларын бизнеске айналдырған.
«Біз алдында қолдың протезін жасайтын жерде жұмыс істедім. Содан кейін күндердің күнінде медицина мен робототехниканы араластырып, мүмкіндігі аз азаматтарға көмек қолын созу ісі ойыма келді. Экзоқаңқалардың әртүрлі формасын жасап көрдік алдымен. Кейін қарасақ шетелдік баламадан кем түспейтін өнімді жасауға әбден болатынына көзіміз жетті. Қажеттілігін көрген соң іске кірісіп кеттік. Біздің елде экзоқаңқаларды шетелден алып келген. Бірақ мен жалғыз емеспін. Басқа компаниямен бірге жұмыс істеп жатырмыз», — дейді ол.