4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

3,5 мың тоннадан астам мұнайды елден заңсыз шығармақ болды

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қомақты көлемде мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактісі жолын кесті, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділовтың айтуынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорында 2022 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауытының өндірістік төлқұжаты болмағаны анықталды.

Міндетті рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан ЖШС мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді, сақтауды, өңдеуді және тасымалдауды жалғастырды.Нәтижесінде дер кезінде жүргізілген шаралар 3,5 мың тоннадан астам мазут, теңіз отыны мен нафтаның басқа да мұнай өнімдерінің түрін ел аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарудың жолы кесілді, – деді ол.

Әбділов атағандай, аталаған факт бойынша тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, Агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауыңызды сұраймыз, – деді Әлібек Әбділов.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *