4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Әскерде қысым көрдім деген сарбаз қыз БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

Әскерде қысым көргенін айтқан бұрынғы әскери қызметкер Айғаным Елшібаева журналистерге сұхбат берді, – деп хабарлайды turkistanzaman Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ өкілдерімен кездесуде сарбаз қыз қарулы күштер қатарында қызмет ету барысында тағы қандай қиындық көргенін айтып берді.
Қобалжып, көзіне жас толған қыз бала кезінен әскери академияға түсіп, әскерде қызмет етуді, мемлекетке қызмет етуді армандағанын айтты. Ол 2019 жылы желтоқсанда Алматы облысы Шеңгелді елді мекенінде орналасқан 54179 әскери бөлімшеге шақырылған. Басында ол бұған қатты қуанған, бірақ сәуірде батальон командирі тарапынан қысым көрсету әрекеттері басталған.

Айғаным жәбірлеушілер лайықты жазаланатынына сенімді болмаса да, оның оқиғасы өзгелерге сабақ болар деп үміттенеді. Ол әскери бөлімшеде не болып жатқанын бәрі білгенін қалайды. Әскердегі басқа қыздар осындай жағдайды бастан өткермеуі үшін ол өз ұстанымын ашық айтуды ұйғарған.

Еске салайық, бұған дейін Айғаным Елшібаева “НеМолчиKz” қоғамдық қорына жүгініп, қарулы күштер қатарынан мәжбүрлі түрде босатылғанын айтқан болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *