4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Үшарал-Талдықорған бағытында ұшақ қатынайды

Осы жылдың 11 тамызынан бастап Үшарал-Талдықорған бағытында ұшақ қатынайды, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетісу» әуе компаниясы осы жылдың 11 тамызынан бастап Үшарал-Талдықорған бағыты бойынша жазғы маусымда 28 рейс жиілігімен, қалған кезеңде 14 рейс орындайды. Ұшулар сыйымдылығы 19 орындық «L-410» ұшақтарында орындалатын болады. Билет бағасы – 8 000 теңге», – делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ инспекторлары жасанды ұшу-қону жолағы қайта жаңартылған Үшарал әуежайына сертификаттық тексеру жүргізіп, пайдалануға рұқсат берді. Бүгін әуе компаниялары Үшарал – Алматы және Үшарал – Нұр-Сұлтан субсидияланатын бағыттары бойынша авиабилеттерді сатуды бастайды.

Рейстерді «SCAT» әуе компаниясы «CRJ2» әуе кемелерінде (сыйымдылығы 50 орындық) жазғы маусымда әр бағыт бойынша аптасына 14 рейс жиілігімен, қалған уақытта 7 рейс орындайтын болады. Билет құны 15 000 және 16 000 теңге. Ұшулар осы жылдың 15 тамызынан басталады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *