4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Атырау облысында гүлдеген лотосты көруге келетін туристер саны көбейді

Атырау облысында гүлдеген лотосты көруге келетін туристер саны көбейді. Қазір лотос алқабына күніне 50-ге жуық турист келеді, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінде лотостың гүлдену маусымы басталды.

Лотос шілденің ортасынан тамыздың соңғы аптасына дейін жалғасады.

Лотос 5 мың гектарды қамтитын алмақта гүлдейді. Оны көру үшін күніне 50-ге жуық турист келеді.

Екатерина Хабибуллина – Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан арнайы келген туристердің бірі. Шетелдік турист лотос алқабын биыл алғаш рет көрген.

«Табиғат осындай сұлулығымен қымбат ғой. Лотос алқабы тамаша екен. Өте керемет әсер алдым. Бұл жерден тек лотосты ғана емес, аққу, аққұтан сынды құстарды да тамашалай алдық», -дейді Екатерина Хабибуллина.

Атырау облысындағы Құрманғазы ауданы – лотос өсетін жалғыз аймақ. Лотос алқабын көруге келушілерге арнайы нұсқаулық көмек көрсететін кәсіпкерлік нысандар бар.

«Қазір бірнеше туристік компаниямен келіссөз жүргізудеміз. Келісішартқа сәйкес ауданға келген туристерді қайықпен лотос алқабына апарып-әкелеміз. Туристер орналасатын арнайы базада бар. Онда жатар орны мен тамағы уақытылы беріледі. Біздің басты мақсатымыз – туристердің қауіпсіздігін, суда жүрудің техникалық талабын қатаң сақтау», -дейді «West Motors service» ЖШС-нің өкілі Жәнібек Актананов.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *