4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Билік

Аймағамбетов жоспарды толық орындамаған 6 облысты атады

Жылдың соңына дейін 34 мың орынға арналған 322 балабақшаны ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ тілшісі.
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы айтып берді.

Былтырғы іс-шаралар бойынша жоспар 100 пайыз орындалды. Биылғы 6 ай бойынша жұмыс жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Біз былтыр 534 балабақша ашып, 47 мың орынды іске қостық. Республикалық көрсеткішке қол жеткізілді. Алайда 6 облыс өздерінің жоспарларын толық орындамады. Мысалы, былтыр Алматы облысында балабақшаларда 14 мыңнан астам орын, ал Алматы қаласында 5 мыңнан астам орын ашылса, бұл – өте жақсы көрсеткіш. Ал адам көп орналасқан Түркістан және Қызылорда облыстарында тек мыңға жуық орын пайдалануға берілген. Бұл – жеткіліксіз, – деді Аймағамбетов.

Ол атағандай, басқа облыстар жоспардан тыс қосымша орындарды ашудың арқасында республикалық көрсеткішке қол жеткізілген.

Жылдың соңына дейін 34 мың орынға арналған 322 балабақшаны ашу жоспарланып отыр. Әкімдіктерден осы бағыттағы жұмысты қамтамасыз етуді сұраймын, – деді ол.

Министр атағандай, балабақшаларда өзіне сенімді, қиындыққа төзімді, ашық және креативті балаларды тәрбиелеу, отансүйгіштік, білімге құштарлық құндылықтарын дамытады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *