4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Оралда кәсіпкерді өлтірген күдікті мен сыбайласы ұсталды

Оралдық кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірді деп айыпталған күдіктілер ұсталды. Бұл ақпаратты облыстық ішкі істер департаменті растады,деп хабарлайды turkistanzaman 24kz@khabar.kz парталы. Құзырлы орган әзірге өзге ақпарат таратқан жоқ. Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерге қастандық жасалған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда 49 жастағы Еркін Мұханғалиевтің екі жігітпен дәмханада сөйлесіп отырғаны таспаланған. Кейін қос тараптың арасында жанжал туындап, екі жігіттің бірі кәсіпкерді пышақтап тастады. Осыған қарамастан ол терезеден шығып үлгіреді. Бірақ күдіктілер көшеде тағы бірнеше рет пышақтайды. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Бейнетаспа Facebook қолданушысы Азамат Сарсенбаевтың парақшасында жарияланды. Алдын ала болжам бойынша жанжал қордаланған қарызға байланысты туындауы мүмкін. Лунара Аманғалиева, БҚО ПД Баспасөз қызметінің жетекші маманы: – Қазіргі уақытта ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Айта кетейік, аталған азаматтың деструктивті діни ағымдарға қатысы анықталған жоқ. Күдікті кәсіпкердің қарамағында жұмыс істеген. Уақытылы оның айлық жалақысы төленбегені үшін араларында жанжал басталған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *