Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

Республикалық маңызы бар күре жолдың бойында киіз үй орнатылды

Республикалық маңызы бар күре жолдың бойында киіз үй орнатылды
8 августа, 2022
in Аймақ
0
0
SHARES
9
VIEWS

Республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарының желісін дамыту әрі кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ.
Мәселен, А-1 «Нұр-Сұлтан-Щучинск» тас жолының бойында кезекті рет жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысаны ашылды. Бұл нысан қазақ киіз үйінен және оның жанында салынған санитарлық-гигиеналық тораптан тұрады.

ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, республикалық маңызы бар тас жолдың бойында ұлттық киіз үйді орнату идеясы ұлттық компанияға көмек көрсету және демалыс алаңын бөлу өтінішімен жүгінген шағын және орта бизнес өкіліне тиесілі. Айта кетейік, аталмыш күре жолда киіз үй алғаш рет орнатылып отыр. Алдағы уақытта киіз үйлер санын арттыру жоспарда бар.

Менің негізгі мақсатым — мәдениетімізді, ұлттық тағамдарымызды, салт -дәстүрімізді елге келген туристерге кеңінен паш ету. Біз құндылықтармызды әрқашан дәріптеуіміз қажет. Қазір елімізге шет елдерден келіп жатқан жолаушылар саны едәуір артты. Осы киіз үйде ұлттық тағамдар – құрт, шұбат, қымыз, айран, көже сатуды жоспарлап отырмыз. Бұл отандық өнім болмақ. Киіз үйдің іші толықтай жылытылады. Сол себепті қыс уақытында да жұмыс істейміз, — деп бөлісті ШОБ өкілі Дәулен Айтбай.

Ал автокөлік жүргізушілерінің ыңғайлылығы үшін киіз үйдің жанында жаңа санитарлық-гигиеналық торап орнатылды.

Жылы әрі абаттандырылған санитарлық-гигиеналық торап жыл бойы жұмыс істеп тұрады. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар оны тегін пайдалана алады. Санитарлық-гигиеналық торап ерлерге, әйелдерге және ерекше қажеттілігі бар тұрғындарымызға арналған бірнеше кабиналардан тұрады, — деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жол бойындағы сервисті дамыту бөлімінің басшысы Диас Арынов.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарының саны 80-ге артпақ, бұл 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жалпы бүгінгі күні республикалық маңызы бар трассалардың бойында 1600-ге жуық жол бойындағы қызмет көрсету нысандары жұмыс істеп тұр.

Алдыңғы жаңалық

Қазақстандық әйел алғаш рет Каталина бұғазын жүзіп өтті

Келесі жаңалық

Маңғыстауда туристер үшін алғашқы визит-орталық ашылды

Ұқсас жаңалықтар

Аймақ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҮШ АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК НЫШАН ЖОБАСЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК НЫШАН ЖОБАСЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

30 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық
Маңғыстауда туристер үшін алғашқы визит-орталық ашылды

Маңғыстауда туристер үшін алғашқы визит-орталық ашылды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz